"Біртұтас тәрбие" бағдарламасының шеңберіндегі "Шабыт" жобасы аясында 8-сынып оқушылары 8 Наурыз-Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аналарына Дулат Исабековтың "Әпке" драмасын тарту етті. Жазушы-драматург Дулат Исабековтың"Әпке" драмасы екі бөлімнен тұрады. Қаламгер оны 1977 жылы жазған. Драмадағы кейіпкерлерді сомдаған барлық оқушылар тамаша ойнап шықты. Бұл туынды драма болғандықтан кейіпкерлердің сөйлеген сөздері мен іс-қимылдары интонация мен сезімге толы болып табылады. Басты кейіпкер - Қамажай, алдынан шыққан қиыншылықтарды көтере білген, бауырларына қамқор жан туралы айтылады.
|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің «Шегірен жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Чигириновская средняя общеобразовательная школа» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|




