|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің «Шегірен жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Чигириновская средняя общеобразовательная школа» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
13
Қазан
2025
|
Буккроссинг - кітаптарды "еркін айналымға" жіберіп,барлығының оқуға деген ынтасын арттыратын замануи әрі қызықты шара. Оқушылар үзіліс кезінде буккроссинг бұрышында қызығушылықпен уақыт өткізеді
|
12
Наурыз
2025
|
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында бүгін мектеп кітапханасының кішкентай оқырмандары әлем әдебиетінің кейіпкері Гарри Поттермен танысты. Гарри Поттер сияқты өздерін сиқыршы сезінуге мүмкіндік алды.
|
12
Наурыз
2025
|
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасының шеңберіндегі "Балалар кітапханасы"жобасы бойынша 2-сынып оқушылары оқыған кітаптарының мазмұны бойынша қойылым көрсетті. Мұндай шара оқушылардың сөздің қорын молайтуға, оқығандарын есте сақтауға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, өзара бірлікте болып, достасуға, жағдаяттық тапсырмаларды шешуге көп септігін тигізеді.
|
12
Наурыз
2025
|
«Шын жүректен кітап сыйла» челленджі балалар мен жасөспірімдер арасында кітап оқуды насихаттау, кітапалмасу мәдениетін дамыту, кітапқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, таным көкжиегін кеңейту, мейірімділік пен жомарттыққа баулу, сондай-ақ әдебиет арқылы білім мен эмоцияны әлеуметтікпен байланыстыруды нығайту мақсатында ақпан айының14-і күні Шегірен ЖОББМ-де кітапханаға ұстаздар тарапынан кітаптар сыйға тартылып, оқушылар арасында да кітап алмасу, кітап сыйлау шаралары болып өтті.








